Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық кәсіпкерлермен кездесті

Қазақстан басшысының Қытайға сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың ірі қаржыгерлері және кәсіпкерлерімен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

«Мұны қазақстандық-қытайлық байланыстардағы бетбұрыс кезеңдердің бірі деп есептеймін. 20 жылдан астам біз Қытаймен серіктес болдық. Жаңа кезеңде біз экономиканың қайта өңдеуші секторларында әріптестігімізді жалғастырмақшымыз. Кеше ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен конструктивті келіссөздер кезінде ортақ 45 обьект құру туралы келісімге келдік. Олардың ішінде жалпы құны 23 млрд доллар болатын 25 құжатқа қол қойдық», — деп хабарлайды баспасөз қызметі Н.Назарбаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Кездесуге «Хуавэй» корпорациясының төрағасы Сунь Яфан, «Цинхуа» корпорациясының төрағасы Хо Цинхуа, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің бас хатшысы Цзинь Лицюнь, «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнмин, Қытайдағы Мемлекеттік даму банкінің президенті Чжэн Чжице және Қытайдағы басқа да ірі компаниялардың басшылары қатысты.