NASA Марсқа ұшатын астронавтарға байқау жариялады

Америкалық ғарыш агенттігі (NASA) Марсқа ұшатын астронавтарды іріктеу бағдарламасын жариялады. Бұл туралы агенттік сайтына сілтеме жасап, 24.kz хабарлайды. Бірақ кеңістікке АҚШ азаматтары ұшады.

Қызыл ғаламшарға сапар шегуден үміткерлер осы жылдың 14 желтоқсаннан бастап, 2016 жылғы ақпан айының ортасына дейін іріктеледі. Байқаудан өткен астронавтардың есімдері 2017 жылы жарияланады.

Олар Марсты бетке алмас бұрын Orion ғарыш кемесінің сынағына қатыстырылады.  Агенттіктің үміткерге қоятын басты талабы — астронавт АҚШ азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ болашақ астронавт реактивті ұшақты басқарудан 3 жылдық тәжірибесі бар екендігін дәлелдейтін құжаттарды тапсыруға міндетті.

Фото: 24.kz