Наурыз айында Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары 990,5 млн долларды құрады

Наурызда Ұлттық Банктің валюталық интервенциялар көлемі 990,5 млн АҚШ долларын немесе биржалық сауда-саттықтың 29%-ын құрады. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату наурыз айында 890,9 млн АҚШ долларға шықты. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 55%-ын құрады.

Ұлттық Банк БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ.

«Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Бұл ретте Ұлттық Банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекеттің жеңілдікпен кредиттеуінің азаюы, сондай-ақ айырбастау бағамының еркін өзгеру қағидаттарын ұстану қажетті талабы болып табылатын инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне көшу жұмысын жалғастырып жатқанын атап өткен жөн», – делінген ҰБ хабарламасында.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк теріс сценарийлер іске асырылған жағдайда ішкі қаржы нарығында тұрақсызданудың алдын алуға қажетті барлық құралдарға ие және жағдайды қадағалауды жалғастыратыны атап өтілді.