Наурызда инфляция деңгейі рекордтық 12%-ға жетті

Наурызда Қазақстанда инфляция 8,7%-дан 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бері ең жоғары мәнге жетті. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов хабарлады.

Инфляцияға ең көп азық-түлік тауарлары ұшырап, олардың өсуі 10,0%-дан 15,4%-ға дейін жеделдеді (бір айда инфляция 5,8%-ға өсті). Орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағасы айтарлықтай қымбаттады.

Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсетуде 18,6%-ға дейін өсті. Оған негізгі себеп жекелеген азық-түлік тауарларына сұраныстың артуы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларыбағасының апталық өсуі наурыздың соңғы аптасында – 1,3%, сәуірдің бірінші аптасында – 0,9% болып, тұрақтануда.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы наурызда 8,6%-дан 10,9%-ға дейін қымбаттады. Оған теңге бағамының әлсіреуі және артық сұраныстың қысымы себеп болды.

Ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1%-дан 8,3%-ға дейін артты. Бұл нарықтықтағы бірқатар қызметтердің бағасының өсуімен байланыстыболды.

«Проинфляциялық тәуекелдердің күшеюін ескере отырып, инфляция болжамы өсу жағына қарай қайта қаралуда. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның маусымдық өсуіне жол бермеуі және алдын алу шараларын қабылдауы қажет… Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін баға үстемесіне тиімді бақылау жүргізу қажет», – деді Пірматов.