Экономика
Авто
Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандық банктерді сынады
Астана. 9 ақпан. 7kun.kz - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық банктердегі ұрлыққа наразылығын білдірді.
«Мемлекет пен халықтың ақшасын Әблязов бастаған БТА банктің жаппай ұрлағаны бәрінің көз алдында. Біз қазір бүкіл әлем бойынша мұның анық мемлекет ақшасын ұрлау екенін аштық, дәлелдедік. Ал қазір не болып жатыр? Банк құрады, сосын оларға сенеді, адамдар, ұлттық компаниялар барады, ал акционерлер ол ерден ақша шығарып жатыр, Ұлттық банк оған қарап, бақылап отыр», -деді Назарабев үкіметтің кеңейтілген отырысында. «Бұл бақылаушы орган не үшін қажет? Бұл мені ашуландырады. Біз банкроттықа жол бермеуіміз керек, арты қиын болады дейміз. Банкроттыққа жол беру керек. Немесе ақшасын қойсын. Акционерлер ешқайда кеткен жоқ. Осында. Олар ақша жинап, ол жерден шығарып алу үшін банк құрады. Ашық күндегі тонау»,-деді мемлекет басшысы.