Назарбаев шетел инвесторларын қаржы салуға қалай көндірді?

Астана. 27 мамыр. 7kun.kz — Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға инвестиция салуға шетел компаниялары басшыларын қалай көндіргенін есіне түсірді.

«Осыдан жиырма бір жылдан астам уақыт бұрын Chevron компаниясын Қазақстанға шақыру үшін келіссөз жүргізген едім. Сол кездегі компания президенті Кеннет Дерге қарама-қарсы отырмын. Онымен салық жөнінде, Қазақстанға қанша үлесі, компанияға қанша үлесі берілетіні жөнінде талқылап отырғанбыз.
Сол кезде Дерр маған былай деді: «Президент мырза, сіздерде не заң, не маман, не технология жоқ. Біз неге үміт арта аласыз? Сіз бізді не нәрсеге көндіріп отырсыз?», — деді. Сол уақытта мен былай дедім: «Менің айтар бір ғана аргументім бар. Бастысы, маған сеніңіз». Мен олардың сенімін ақтадым деп ойлаймын. Бүгінде Шеврон елімізде табысты жұмыс жасап жатыр. Мен үнемі «Маған сеніңдер» деп айтып отырамын. Тіпті бүгінде біздің заңымыз да, дайындалған кадрларымыз болса да солай деймін», — деді Назарбаев.