Назарбаев ұлттық компаниялардың IPO туралы жоспарын айтты

Президент
Фото: Kapital.kz

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz – Алдағы уақытта біз «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» секілді активтерді  және басқа да ұлттық компанияларды сатуға шығаруды жоспарлап отырмыз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетейік бүгін Астана халықаралық қаржы орталығы (IFC) биржасында сауда-саттық ашылды. Оған Президент те қатысты. 

Ұлттық компаниялардың IPO-ға шығатынын мақұлдаған Елбасы АХҚО шетел капиталын тартуға және қор нарығын дамудың жаңа деңгейіне шығаруға катализатор болуы тиіс екендігін  атап өтті.