Неге чупа-чупсты барлығы жақсы көреді?

чупа-чупс

XXI ғасырдың басында-ақ бұл компанияның сауда көлемі 400 миллион доллардан асқан еді. Барлығы қарапайым ғана ағаш таяқша мен мұз кәмпиттен басталған. Ал танымал суретшімен достық әрі табысты зерттеулер әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең сүйікті тәттіге айналуына ықпал етті. 

Таяқшалы тәтті Чупа-Чупстың (кей жерлерде Чапа-Чапс) тарихы 1958 жылдан басталады. Chupa Chups Group-тың негізін салушы — Енрик Бернат (Enric Bernat). Оның әкесі де кондитер. Испаниядағы Барселонада Granja Asturias S.A деп аталатын кондитерлік дүкендері болған.

image

1958 жылы кондитер сатып алушылардың сұраныстарын қарастырып, маркетингтік зерттеу жүргізсе қалай болады деп ойлайды. Зерттеу жүргізу үшін ол барлық жауапкершілікті француз консалтинг фирмасына тапсырады. Нәтижесінде, Бернат біршама қызық деректерге қанық болады: оның өнімдерінің тұтынушылары орта есеппен 16 жастан кіші балалар болған. Бірақ, өнімді дайындау барысында балалардың емес, үлкендердің пікірі қаралады. Осы олқылықты жөндеу үшін ол балалар қуана-қуана жейтіндей тағам әзірлеген жөн деген байламға келеді.

Мұз тәттінің пайда болуы туралы аңыз бойынша, Енрик бірде киімін ластағаны үшін баласына ұрысып жатқан ананы көреді. Бар мәселе мынада еді: шоколад жеген соң қолдары кір әрі жабысқақ, киімдерін ластайтын, үйдің ішінде де осының кесірінен ретсіздік орнайтын. Осыны ескерген кондитер балалардың қолында жүретін, шанышқы тәріздес тәтті жасау керек деп шешеді. Таяқшалар бастапқыда ағаштан жасалған. Кейіннен ол пластмассадан жасалатын болды. Кондитер дүкен иелерінен чупа-чупстердің кассаның жанында, балалардың қолы жететін жерде тұруына мән беруін сұрайтын.  Енді ата-анасы баласының тазалығы үшін алаңдамайды да, кішкентайлар да тәттіні қалағанынша жейді.
Бүгінде мұз тәттінің жүзден астам дәмдері бар. Әлемдегі ең үлкен чупа-чупс — құлпынай дәмі бар, 725 грамдық түрі. Бір қарағанда футбол добына ұқсас тәттілердің алғашқы атауы GOL болды. Олай аталуының себебі де жоқ емес. Бастапқыда Енрик мұз тәттіні доп ретінде, ал ауызды қақпа деп ойластырған. Бірақ, компания басшысы бұл атауға аса қанағаттанбай, кейін CHUPS деп өзгертіліп, соңында бүгінге атауына ауысты. 1962 жылы атауы да, сауда белгісі де ресми түрде тіркелді. Мұз тәттілер саудасы дамып, 1964 жылы компания атауы Chupa Chups S.A деп өзгерді.

Чупа-чупстың тарихындағы қызықты деректердің бірі — марка дизайнын белгілі сюрреалист суретші Сальвадор Дали жасаған. 1969 жылы Енрик Бернат Далимен жерлесімен кездесіп, оған логотип салып беруін өтінеді. Ол бірнеше сағат ішінде түймедаққа ұқсайтын логотип салып береді. Бүгінгі логотиптің кей жерлерінен Далидің идеяларын толық болмаса да, аңғаруға болады. Айырмашылықтары — бастапқыда логоның  жанында емес, кәмпиттің төбесінде жазылғандығында. 1988 жылы жасалған логотиптің редизайны қазіргімен бірдей. Танымал суретшінің чупа-чупсқа қатысы болуы да өнімнің бағасын арттыра түседі.

logo

1960 жылдардың соңында компанияның Францияда алғашқы филиалы ашылады. Ал, осыдан 20 жылдан кейін мұз тәтті бүкіл әлемге таралады. Күллі жер шарында керемет қолдауға ие болуына маркетологтардың мықты жұмысын атап өтпеске болмайды. Себебі, қорапшаларда емес, арнайы әдемі дисплейлерде тұрғызылғандары да мұны ерекшелеп тұрады.

2008 жылы бренд өзінің жарты ғасырлық мерейтойын тұтынушыларымен бірге тойлады: мерекелік іс-шараның кульминациясы Барселона өткен MTV концерті болды. «Chupa Chups» компаниясының бас кеңсесінің әлемнің 300 000-нан астам нүктесінде 600-ден астам агенті бар.

Чупа-чупстың негізгі өндірістік кешендері Барселонаның маңайындағы Сан-Эстеве-Сесровиресте орналасқан. 2006 жылдың шілде айынан бастап Chupa-Chups Group-ты 400 млн еуроға Perfetti Van Melle S.p.A. атты голланд-италияндық трансұлттық компаниясы сатып алды.