Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 1 трлн 415,154 млрд теңге болды, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға артық деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Статистикалық декректерге сүйенсек, инвестициялық салымдар үшін ең тартымды салалар: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу (38,5%), өңдеуші өнеркәсіп (12,9%), жылжымайтын мүлікпен жүрігізілетін операциялар (12,3%). Инвестициялардың алудың басым көздері: шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты, бұлардың меншікті салмағы 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде 62,3%-ды қамтыды. Мемлекеттік бюджет қаражатының үлесі - 13,4%, банк несиелері - 5% (оның ішінде шетелдік банк несиелері - 0,1%) және қарызға алынған қаражат - 19,3% (оның ішінде бейрезиденттерден алынған қарыз - 15,9%).Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





