Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 3,1%-ға артты

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 3,1%-ға артты

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 1 трлн 415,154 млрд теңге болды, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға артық деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Статистикалық декректерге сүйенсек, инвестициялық салымдар үшін ең тартымды салалар: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу (38,5%), өңдеуші өнеркәсіп (12,9%), жылжымайтын мүлікпен жүрігізілетін операциялар (12,3%). Инвестициялардың алудың басым көздері: шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты, бұлардың меншікті салмағы 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде 62,3%-ды қамтыды. Мемлекеттік бюджет қаражатының үлесі - 13,4%, банк несиелері - 5% (оның ішінде шетелдік банк несиелері - 0,1%) және қарызға алынған қаражат - 19,3% (оның ішінде бейрезиденттерден алынған қарыз - 15,9%).

Похожие материалы