Непалдың қалпына келтіру жұмыстарына 6,6 млрд доллар қажет

527
epa04719921 People search for survivors stuck under the rubble of a destroyed building, after an earthquake caused serious damage in Kathmandu, Nepal, 25 April 2015. A 7.9-magnitude earthquake rocked Nepal destroying buildings in Kathmandu and surrounding areas, with unconfirmed rumours of casualties. The epicentre was 80 kilometres north-west of Kathmandu, United States Geological Survey. Strong tremors were also felt in large areas of northern and eastern India and Bangladesh. EPA/NARENDRA SHRESTHA +++(c) dpa - Bildfunk+++

 Жер сілкінісінен соң Непалдың қалпына келтіру жұмыстарына 5 жыл уақыт пен 6,6 миллиард доллар керек деп хабарлайды РИА Новости.

Билік басшылары әлемнің 36 елі мен 24 демеуші қордан көмек сұрамақшы. 25 маусым күні қалпына келтіру мәселелері жөнінде Непалда конференция өтеді. Қаржы министрлігінің жоғарғы қызметтегі шенеунігі Суман Прасад Шарма «сол конференциядан өте үлкен көмек күтіп отырғандығын» айтады.

Төтенше жағдайлардан кейінгі қорытынды қажеттілік талдауында непал экономикасының жалпы шығыны 7 миллиард долларды құраған. Кедейшілікте өмір сүретіндердің саны 700 мыңға көбейген.

Осыған дейін биліктегілер қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңінің өзіне 2 миллиард доллар қажет болатындығын айтқан. Себебі, ел бюджетінен бөлінген 200 миллион жетпейді. БҰҰ көмек беруге даяр екендіктерін мәлімдеді. Ал, Қазақстан тарапынан 200 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетілген.

Өте үлкен жер сілкінісі Непалда 25 сәуір күні орын алды. Магнитудас — 7,9. Нәтижесінде 8 мыңға жуық адам қайтыс болған. Екі апта өткен соң магнитудасы 7,4 баллдық тағы бір жер сілкінісі болған. Ол кезде 100 мыңға жуық адам көз жұмған.