Өнеркәсіптік өндіріс қаңтар-ақпанда 0,4%-ға өсті

496
Өнеркәсіптік өндіріс қаңтар-ақпанда 0,4%-ға өсті

Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2015 жылдың қаңтар-ақпанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға өсті деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Өндіруші өнеркәсіп өндірісі 0,9%-ға, өңдеу өндірісі 0,3%-ға артты. Ауыл шаруашылығында өнімдер шығару 2,4%-ға, құрылыста 1,5%-ға, саудада 3,2%-ға, көлік саласында 6,9%-ға, байланыста 9%-ға өсті.

2014 жылы өнеркәсіптік өндіріс 0,2%-ға көбейген болатын.