Несие тарихы: қысқа мерзімді несие басыма бәле болды

қарыз
Фото: http://deit.name/

Сұмдық жағдайға тап болдым. Біреуден қарыз сұрауға арланатын адамның қатарынанмын. Сондықтан осы ұйымға жүгінген едім. Басынан бастап түсіндірейінші.

Интернеттен, көшеге шықсаңыз айналаңыздан жылт-жылт еткен мынадай жарнаманы көрген шығарсыз: «Үйден шықпай-ақ 200 000 теңгеге дейін, еш анықтамасыз, кепілгерсіз 30 минутта ақша алу. 100% онлайн». Иә, осы хабарламаны интернеттен көріп, шағын несие беру ұйымынан қысқа мерзімді несие алған болатынмын. Біріншісін уақытылы өтедім, ал екіншісін уақытында бере алмадым, сол кезде басталды бәрі. Заемды бір аптаға ұзарту үшін 5000 теңге төлеу керек, бірақ онда заем да ұлғаяды. Бір күн кешіктірген үшін әр күн сайын 5000 теңгеден, бір аптадан кейін 2000 теңгеден, жалпы сөйтіп бір айда 149100 теңге жиналып қалды. Олар телефон шалғанда, алып үлгермейсің, «маяк» тастағандай құдды, сосын смс жібереді.  Оларға қайта телефон соғу мүмкін емес, немесе автожауапбергіш жұмыс жасайды. Мен төлеуден бас тартпаймын, бірақ оларға бірден барлық соманы төлеу керек, ай сайын бөлшектеп төлеуге олар келіспейді, өйткені мен олардың сайтында анкета толтырғанда «декреттік демалыстамын, компаниямыз банкроттыққа ұшырады, сондықтан қазір тек жәрдемақы ғана аламын» деп жазған едім. Олар маған поштама офертасын жолдады, менің қолым еш жерде жоқ, еш жерге қол қоймағам, төлқұжатымның көшірмесі де жоқ оларда. Бірақ маған әкімшісі сол кезде мынадай хабарлама жолдады:

ҚР Азаматтық кодексінің 272 және 278 баптары бойынша, сондай-ақ 722 бабының 1 тармағы бойынша қарыз алушының қарыз алу келісімшартын бұзуы салдарынан, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес, төлеуден бас тартқаныңыз және әрекетсіздігіңіз үшін, қаражатты алдау жолымен рәсімдегеніңіз үшін алаяқтық фактісі бойынша біз әдепкі ретімен 149100 теңгені сотпен өндіріп алуды бастауға мәжбүрміз. Сөйте тұра мен төлем жасауды ұмытып кеттім, барып төлеңіз деп жазады.

Заңгерлер, кеңес беріп жіберіңіздерші? Не істеуім керек және олар не істеуі мүмкін? Мені сотқа бермекші, немесе келіп, менің мүлкімді, пәтерімді тартып алады, мені және баламды далада қалдырмақшы. Әлде маған сотқа жүгіну керек пе? Әлде олар қарызды менің туған-туыстарым төлесін деп талап ете ме?

Роза, Өскемен қаласы