Несиені алдын-ала жабуға бола ма?

656
несие
Шағын банктардан алған несиені алдын ала жабуға құқымыз бар ма?
Жанат Жаңқашұлы, әлеуметтік желідегі парақша арқылы жіберілді
Жанат Жаңқашұлы, шағын банктер дегенді түсіндіріп жіберсеңіз. Екінші деңгейлі банктер ма, әлде шағын несие беру (МКО) ұйымдары ма? Егер банктерді айтып отырсаңыз, банктерде несиеге қатысты шарттар әртүрлі. Сіздің қай банктен, қандай шартпен, несиенің қандай түрін алғаныңызды білмегендіктен нақты айту қиын (Оны бұл жерге ашық жазып немесе бізге жібермеңіз. Өйткені ол сіздің банкпен екі ортадағы жеке ақпараттарыңыз болып табылады).Ең дұрысы оны өзіңіз анықтай аласыз. Қолыңыздағы несие туралы шартта анық жазылған. Жалпы, екінші деңгейлі банктердің көпшілігінде несиені алдын-ала жабуға болады.

Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына WhatsApp арқылы +7 775 4766145 телефонына жолдауды сұраймыз.