Алматы. 1 маусым. 7kun.kz – Қазақстанның Ұлттық банкі бейсенбі күні 1 маусымға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
АҚШ доллары — 335,84 теңге, 1 еуро —374,43 теңге, ресей рублі — 5,09 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 490,83 теңге, жапон йені— 3,02 теңге, 1 қытай юаньы — 51,04 теңге, 1 қырғыз сомы —4,92 теңге, 100 өзбек сумы— 11,35 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 31 мамырдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 333,09 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16:00-де белгіленді.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.