100 жер теліміне барлау ұйымдастыру үшін инвесторлар арасында аукцион ұйымдастырылмақ
Қазақстан 2015 жылы потенциалды инвесторлардың арасында 100 жер телімін барлау үшін аукцион ұйымдастырмақшы деп мәлімдеді инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.
"Сәуір айында аукцион әдісі арқылы барлауға арналған конкурсты ашық деп жариялаймыз және осы жылы инвесторларды тарту үшін аукционға 100 жер телімі енгізілуі мүмкін", - деді ол Астанада өткен "МАЙНЕКС. Орталық Азия 2015" кен өндіру форумы кезінде.
"Маусым айында өтініштердің тіркеуін, шілдеде австралиялық әдіс арқылы тікелей келіссөздерді бастаймыз. Қазір министрлік қажетті құжаттардың барлығын дайындап жатыр", - деп түсіндіріп өтті министр. Сондай-ақ, ведомстваның 2016 жылы геологиялық ақпаратты онлайн қолжетімді қылуды жоспарлап жатқандығында хабарлады.
Ә.Исекешев өткен жылы Қазақстанның қағазбастылықты азайтып, инвесторлар мен жер қойнауын пайдаланушыларға жеңілдіктер жасайтын "Жер қойнауы туралы"заң қабылдағанын еске салып өтті.
"Дәл қазір жаһандық дағдарыс пен шикізат нарығындағы жағдайлардан кен өндіруші компаниялар үлкен сынақтан өтуде. Дегенмен де, кен өндіру секторы қазақстандық экономиканың дамып, тұрақты өсуі үшін ең маңызды факторлардың бірі болмақ", - деді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024