Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі cейсенбі күні 14 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 321,95 теңге, 1 еуро — 342,43 теңге, Ресей рублі — 5,56 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 403,05 теңге, жапон йені— 2,83 теңге, 1 қытай юаны — 46,81 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,64 теңге, 100 өзбек сумы— 9,73 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 9 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 322 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024