Ресей мен Украинадағы экономикалық жағдайдың салдарынан Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) 2014 жылы 568 млн евро көлеміндегі таза шығынға ұшырады, алдыңғы жылы табыс 1 млрд евро болған еді деп айтылған ЕҚҚДБ пресс-релизінде.
Еуроодақ пен АҚШ-тың Мәскеуге қатысты санкцияларына байланысты ЕҚҚДБ 2014 жылдың шілдесінен Ресейдегі жаңа жобаларына инвестиция бөлуді тоқтатты. Ресей соңғы бірнеше жыл ЕҚҚДБ қаржыландыруын алушы елдердің ішінде ең ірісі еді. Бұл жағдайға қарамастан, банк инвестициялары өткен жылы 8,9 млрд евроға дейін өсті, 2013 жылдың қорытындысы бойынша бұл сомма 8,5 млрд евро болған деп айтылады хабарламада.
Бірқатар акционерлердің нұсқауымен, ЕҚҚДБ өз инвестицияларын басқа елдердің пайдасына қарай қайта таратты. Нәтижесінде 2014 жылдың қорытындысы бойынша банк қаражатының ең көп бөлінген ел Түркия болды - 1,4 млрд евро.
"Дегенмен Ресей мен Украинадағы экономиканың әлсіздігі 2014 жылғы қаржылық көрсеткіштердің іске асырылмаған элементтеріне ықпал етті. Бұл 2013 жылғы 1 млрд евро таза табыспен салыстырғанда 568 млн евро таза шығынға айналды", - дем мәлімдейді банктің баспасөз қызметі.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024