Экономика
2014 жылы Қазақстанның ЖІӨ 4,3%-ға өсті
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,3%-ға өсті деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
ЖІӨ құрылымында тауар өндірісі 37,8%-ды, қызметтер 55,6%-ды қамтиды.
2014 жылы номиналды ЖІӨ 38,033 трлн теңге болды.
Бұрындары белгілі болғандай, Қазақстан үкіметі 2014 жылы 4,3% деңгейіндегі ЖІӨ өсімін болжаған еді. 2013 жылы Қазақстан ЖІӨ 6%-ға артқан болатын.