Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы қазақстандық e-commerce нарығының көлемі 43%-ға артуы мүмкін

2015 жылы қазақстандық e-commerce нарығының көлемі 43%-ға артуы мүмкін

2015 жылы Қазақстандағы e-commerce нарығының көлемі 1 млрд. долларға жетуі мүмкін деп хабарлады қазақстандық интернет бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин.

"Нарық көлемі 1 млрд долларға таман болады деп болжап отырмыз, e-commerce экономикасы өте жақсы өсіп келеді, және интернет-дүкендерде сатып алушылардың саны артуда", - деп мәлімдеді К.Горожанкин. 2014 жылы нарық көлемі 700 млн. долларды қамтыған болатын. Осылайша, өсім 43% болмақ. К.Горожанкиннің болжамына сүйенсек, 2015 жылы Қазақстан интернет-дүкендеріндегі транзакциялар саны 29%-дан 40%-ға дейін жоғарылайды. 2013 жылы нарық көлемі 500 млн. доллар болған-тын, Қазақстан интернет-дүкендеріндегі транзакциялар көлемі - 10%.

Похожие материалы