Экономика
Экономика1
2015 жылы Қазақстанның алтын валюталық резервтері 11 млрд долларға қысқарды
2015 жылы Қазақстанның алтын валюталық резервтері (Ұлттық қордың активтері мен жалпы халықаралық резервтерді қоса алғанда) 102,452 млрд доллардан 91,581 млрд долларға түсіп, 10,6%-ға дейін төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайты жазды.
Ұлттық банктің алтын валюталық резервтері өткен жылы 3,89%-ға азайып, 28,073 миллиард долларды құрады.
Ал Ұлттық қор активтерінің көрсеткіші 13,29%-ға төмендеп, 63,508 миллиард долларды көрсетті.
Фото:kursiv.kz