2015 жылы да дәстүрге айналған кадрлық өзгерістер болды. Облыс басшылары мен банк секторы саласында үлкен тағайындаулар жүрді. 7kun.kz осы жылы жаңа қызметтің тізгінін ұсынғандардың тізімін ұсынады.
Ахметжан Есімов - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы Тамыз айының басында Ахметжан Есімов Алматы қаласы әкімі қызметінен кетіп, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы болды. Қазақстанның имиджі үшін өткізгелі жатқан EXPO-2017 халықаралық көрмесінде жемқорлыққа қатысты жаз айында дау туындаған болатын. Осыған байланысты А. Есімовке қабілетті басқарушы ретінде көрменің шығындарын қысқартып, дайындық шараларын барынша тездету жұмысы тапсырылды. Желтоқсан айының соңында аталған көрмеге 55 мемлекет пен ондаған ұйымдар және ірі компаниялардың қатысатыны анықталды. Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарыАсқар Мырзахметов Алты жылдан аса Оңтүстік Қазақстан обылсын басқарып, 2015 жылғы тамыз айының ортасында "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол Өзбекстандағы Қазақстанның жедел әрі өкілетті елшісі болған. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрлігінде де басшылық қызметте істеген.
Ғабидолла Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі
Қайрат Келімбетов - «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы
Қайрат Келімбетов Ұлттық банк төрағасы қызметінен кеткен соң екі айдан кейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы болды. Жаңа қаржы орталығы ЭКСПО инфрақұрылымының базасы арқылы алдағы уақытта көптеген компаниялар мен инвесторларды тарту үшін салынып жатыр. Сондықтан Қ. Келімбетовке орталықты басқару оңайға түспейтіні анық. Жоба 2018 жылы қолданысқа беріледі.
Владимир Жұмақанов - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Желтоқсан айының соңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты. Комитетті соңғы бес жылда басқарып келген Нұртай Абығаевтың орнына Владимир Жұмақанов келді. ОЛ ҰҚК құрылымында 33 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024