Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы жаңа қызметке кімдер тағайындалды?

2015 жылы жаңа қызметке кімдер тағайындалды?

2015 жылы да дәстүрге айналған кадрлық өзгерістер болды. Облыс басшылары мен банк секторы саласында үлкен тағайындаулар жүрді. 7kun.kz осы жылы жаңа қызметтің тізгінін ұсынғандардың тізімін ұсынады. 

Бауыржан Байбек – Алматы қаласының әкімі

Бауржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметіне тамыз айының басында келді. Ол Алматы қаласында туылып, осы қаланы басқарып отырған алғашқы тұлғалардың бірі. Әкім қызметіне кіріскен сәттен бастап қалалық технологияларға баса назар аударуда. Алматы қаласының тұрғындары қала әкіміне үлкен үміт артып, мегаполистің ең күрделі экология мәселесін шешуге көңіл бөледі деген ниетте.

Ахметжан Есімов - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы Тамыз айының басында Ахметжан Есімов Алматы қаласы әкімі қызметінен кетіп, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы болды. Қазақстанның имиджі үшін өткізгелі жатқан  EXPO-2017 халықаралық көрмесінде жемқорлыққа қатысты жаз айында дау туындаған болатын. Осыған байланысты А. Есімовке қабілетті басқарушы ретінде көрменің шығындарын қысқартып, дайындық шараларын барынша тездету жұмысы тапсырылды. Желтоқсан айының соңында аталған көрмеге 55 мемлекет пен ондаған ұйымдар және ірі компаниялардың қатысатыны анықталды. Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

 Асқар Мырзахметов Алты жылдан аса Оңтүстік Қазақстан обылсын басқарып, 2015 жылғы тамыз айының ортасында "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол Өзбекстандағы Қазақстанның жедел әрі өкілетті елшісі болған. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрлігінде де басшылық қызметте істеген.

Ғабидолла Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі 

ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Ғабидолла Әбдірахымов тамыз айында Шымкен қаласының әкімі болды. Ол Шымкент қаласының жастарымен біріге отырып, қаланы үлкен мегаполиске айналдыру үшін жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Ғабидолла Әбдірахымов қала безендіру үшін жұмсалатын қаржыны үнемдеп, аз қамтылған отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұлғаларды қолдауға жұмыс істеп жатыр. Дариға Назарбаева – вице-премьер 2015 жылдың қыркүйек айында Дариға Назарбаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісі 16 қыркүйек күні экс-депутаттың  өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бердібек Сапарбаев - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қыркүйек айында Үкіметтегі биліктен ауысып, Ақтөбе облысының әкімі қызметін тағайындалды. Б.Сапарбаевты аймақтарды басқару бойынша тәжірибелі жетекші деуге болады. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақсан облыстарын басқарған болатын. Данияр Ақышев – Ұлттық банк төрағасы Қараша айының басында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қызметінен кетіп, орнына Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болған Данияр Ақышев келді. Қ. Келімбетовтың қызметтен кетуін Мемлекет басшысы халықтың "теңге мен Ұлттық банкке" деген сенімнің жоғалуымен түсіндірді. Ал қоғамда есімі аса көп аталмайтын жаңа банкирге Президент алдымен ұлттық валютаға деген сенімді қайтару туралы тапсырма жүктеді. Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды Желтоқсан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды. Жаңа министрлікті Талғат Советбекұлы Донақов басқарды. Ал министрлік құрамындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын басқарушы ретінде Қайрат Пернешұлы Қожамжаров тағайындалды. Екеуі де бұған дейін атқарып келген қызметінен босатылды.
Қайрат Келімбетов - «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы
Қайрат Келімбетов Ұлттық банк төрағасы қызметінен кеткен соң екі айдан кейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы болды. Жаңа қаржы орталығы ЭКСПО инфрақұрылымының базасы арқылы алдағы уақытта көптеген компаниялар мен инвесторларды тарту үшін салынып жатыр. Сондықтан Қ. Келімбетовке орталықты басқару оңайға түспейтіні анық. Жоба 2018 жылы қолданысқа беріледі. Владимир Жұмақанов - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Желтоқсан айының соңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты. Комитетті соңғы бес жылда басқарып келген Нұртай Абығаевтың орнына Владимир Жұмақанов келді. ОЛ ҰҚК құрылымында 33 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Похожие материалы