Қазақстанның автобизнес Қауымдастығы 2016 жылғы республиканың автонарығындағы нәтижені жариялады және 2017 жылға арналған болжамдарын айтты.
"ҚР Экономика министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2016 жылы 882 826 автокөлік құралдары тіркелген. 2015 жылмен салыстырғанда тіркелген көліктер саны 4%-ға қымбаттаған. 2016 жылы Қазақстанның автокөлік нарығы 46712 көлікпен жаңарды. Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге аз", - деді қауымдастық президенті Андрей Лаврентьев.
ҚАБҚ ақпараты бойынша, Қазақстанның автонарығындағы ресми көшбасшы - Toyota. Бір жылда аталған көлік маркасының 9059-ы сатылған. Бұл жалпы нарықтың 19,4%-ын құрайды. Бұдан бөлек, нарықтағы көрсеткіштің төмен болуына қарамастан жапондық көліктің сатылым деңгейі сақталған. Сатылым бойынша екінші орында ресейлік Lada маркасы. Бір жылда 8147 Lada көлігі сатылған. Алайда сатылым бір жыл ішінде 67%-ға төмендеп кеткен. Ал Renault көліктер сатылымының үштігіне алғаш рет еніп отыр. Дегенмен 2015 жылы 8235 машина сатылса, 2016 жылғы сатылым бар болғаны 3772-ні құрады.
"Тіркеу санының қысқаруы жаңа нарық үшін жақсы көрсеткіш. Себебі 2014 жылмен салыстырғанда Ресейден келетін қолданыста болған көліктердің саны азайды. Ескерте кетейін, сол жылы бес айдың ішінде 318 мың көлік әкелінген болатын. Ал Ресейден келетін пайдаланылған көліктер саны азайған сайын, жаңа нарық белсенді дами бастайды", - деді Андрей Лаврентьев.
ҚАБҚ сарапшыларының сөзінше, осы жылы 50 жаңа көлік сатылуы мүмкін. Ал келесі жылдан бастап жеңілдетілген автокөлік несиесі мен ӨКМ-ның (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) ескі көліктерді қайта өңдеуге тапсыру бағдарламасы аясында бірқалыпты өсім сақталады.
Ал «Астана Моторс» компаниясының атқарушы директоры Антон Афонин 2016 жылы өңірлердегі автокөлік нарығының өзгерісі қандай болғанын айтып берді.
"Өткен жылғы өзгеріс мынадай: сатылым деңгейі бойынша Алматы, Астана, Атырау алғашқы үштікте. Алматыда сатылым республикадағы жалпы көрсеткіштің 29,6%-ын құрады. Астанадағы көрсеткіш - 18,2%, Атырауда – 7,6%. Осылайша, тек үш қала сатылымның 55%-ын қамтамасыз еткенін көруге болады. Шымкент, Қостанай, Қарағанды сынды қалалардың үлесі шамамен 5%. Сатылым көрсеткіші Орал мен Қостанай қалаларында айтарлықтай төмендеген", - деді Антон Афонин.
Бұдан бөлек, бағалар көрсеткіші де өзгерген. Мысалы 2015 жылы құны 3 млн теңге болатын көліктердің үлесі 52%-ды құраса, 2016 жылдың нәтижесі бойынша мұндай бағадағы көліктердің үлесі екі есе азайып, 24%-ды құрады. Сарапшының сөзінше, теңгедегі баға өсіп жатыр, дилерлердің арнайы ұсынастар азайып жатыр.
Жалпы көпшілігі 3 млн және 5 млн теңге аралығындағы көліктерді сатып алады. Мұндай бағадағы көліктердің үлесі жалпы сатылымның 28%-на ие.
Ал бренд көліктер 0,4%-ға өсім көрсетті. Люкстік брендтер арасында Lexus маркасы алдыңғы орында.
Сонымен автокөлік нарығындағы ақша айналымы 335 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 20%-ға төмен. Нарық А,В,С класын жоғалтты. Әсіресе В класты деңгейдің төмен болуы жағдайы орташа халықтың дағдарыста біраз зардап шеккенін көрсетеді.
Сондай-ақ, орташа чек деңгейі 2016 жылдың басында 5,5-6 млн теңгені құраса, жыл соңында 7,1 млн теңге болды.
"Бастысы нарықта қазақстандық өндірістің үлесі 2 есеге өсіп, 26%-ды құрады. Осыған байланысты біз үшін 5 өндіріс алаңының болуы көптік етеді. Қазақстанда тек бір өндіруші болу керек. Оның өзі инновациялық құрылғылармен қамтылып, әлемдік серіктестер болу қажет. Қазіргі кезде техникасы дамып келе жатқан өндіріс алаңы Сарыарқа Автопром" деуге болады", - Антон Афонин.
Қауымдастық президенті Анрей Лаврентьевтың айтуынша, Қазақстан бүкіләлемдік трендке ілесіп отыру керек.
"Қазіргі кезде локализация деңгейін 2018 жылдан бастап 50%-ға дейін арттыру мәселесі қаралып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан, Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздер жайы талқылануда. Бұл жоспарлар алдағы жылдары орындалады. Нарық пен өсім қалпына келеді", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024