Осы жылдың алғашқы айында ел экономикасында көрсеткіштер түрлі өзгерістерге ұшырады. 2017 жылғы қаңтардағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 103,8%-ды құрды. Ұлттық экономика министрлігі ұсынған соңғы айдың статистикасын жариялаймыз.
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 103,8% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2017 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 349,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 27,4% артық.
2017 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1755,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 4,9% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,5%, өңдеу өнеркәсібінде 6,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2,2% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 2,8% төмендеді.
2017 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 105,4 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 1% артты.
2017 жылғы қаңтардағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,5%-ды құрды.
2017 жылғы қаңтар жүк айналымының көлемі 42,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2017 жылғы қаңтарда 104,8% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 21,4 млрд. жкм құрап және 3,7% артты.
2017 жылғы қаңтардағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 97,9%-ды құрды.
2017 жылғы қаңтардағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,8%-ды құрды.
2017 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 557,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 103,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2017 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 1122 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 99,2% құрады (салыстырмалы бағада).
2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 61950,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 19% төмендеді, соның ішінде экспорт – 36775,6 млн. АҚШ долларын (20% аз), импорт – 25174,8 млн. АҚШ долларын құрады (17,6% аз).
2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 386336 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,7% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 377311 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 237855 құрады, оның ішінде 229342 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 1,2%, азық-түлік емес тауарларға – 0,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 0,4%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 6,3% жоғарылады.
Әлеуметтік сектор
2016 жылғы желтоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 77106 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы желтоқсанға қарағанда 5,8% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,5% төмендеді.
2017 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 136777 теңгені құрады.
2017 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 435,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қаңтардың соңына 55,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне (экономикалық белсенді халық) 0,6%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024