2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның ЖІӨ 4,2 пайызға артты - Сүлейменов
Астана. 18 шілде. 7kun.kz - "Қазақстан экономикасы биржалық тауарларға баға жағдаятының тұрақтануы, Қазақстанның негізгі сауда серіктесі елдеріндегі экономикалық белсенділіктің артуы, сонымен қатар әлемдік экономиканың өсімі тұрғысынан дамыды", - деді Тимур Сүлейменов.
Оның есебі бойынша, өнеркәсіпте 7,8 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде 3,1 пайызға өсім байқалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 пайызға артты. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 11 пайызға ұлғайды. Өндірістік сектормен қатар, қызмет көрсету саласы мен бөлшек саудада да өсім байқалады. Еліміздің қаржы нарығында тұрақты жағдай сақталып отыр.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері трансферттерді есептемегенде 3 407,2 млрд теңгені немесе жоспар бойынша 106,8 пайызды құрады. Республикалық бюджет бойынша кірістердің орындалуы - 103,8 пайыз, жергілікті бюджет бойынша - 114,3 пайызды құрады.
ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017жылдың бірінші жартыжылдығында елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарау қорытындысын шығаруды және жүйелік шараларды жалғастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, бюджеттік қаражаттарды игеруге тұрақты негізде мониторинг жүргізу қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024