2017 жылы металлургияның өндірісінің өсу деңгейі баяулайды. Мұндай болжамды Қазақстандағы әр түрлі өндіріс салаларының дамуына мониторинг жүргізген Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) сарапшылары жасады.
Қайта өңдеу өнеркәсібі
Өсімнің төмендегеніне қарамастан, деңгей бірқалыпта сақталады. Ол көптеген өндірістік металлдар бағасының жоғарылауына байланысты. Сонымен қатар, ел ішінде шикізат өңдеу көбейеді деген болжам бар. Атырау мен Павлодар мұнай өңдеу зауыттары 2017 жылы жаңартылса, мұнай өңдеу өнеркәсібінде де өсім байқалатын болады.
2016 жылы тауар сұранысы төмендеген машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп және сусындар өндірісі сияқты салалар қалыпты деңгейге өтеді.
Сарапшылардың пікірінше, ескі көлікті қайта өңдеуге сертификат бөлу арқылы отандық автокөліктердің санын арттыру бағдарламасын іске қосу машина құастыру саласына үлкен қолдау көрсетеді. «Қазақстан темір жолына» қажетті вагондар өндірісін кеңейту де маңызды ықпал етеді.
Кен игеру өнеркәсібі
Кен игеру өнеркәсібі өсімі қайта қалпына келеді. Бұл жерде негізгі қозғаушы күш мұнай мен табиғи газ өндірудың болжамды көбеюі болады. Қара алтын өсіміне Қашағандағы кен өндірісінің көбеюі, Теңіздегі өндірісті кеңейтуге арналған кешендік шаралар сияқты сыртқы факторлар ықпал етеді.
Ал табиғи газ өндірісіне аймақтарды газдандыру мен газтранспорттық құрылымды дамыту бағдарламасы оң әсерін тигізеді.
«Айта кетсек, қазіргі уақытта ОПЕК алдында қабылданған міндеттер бір жыл ішінде мұнай өндірісі деңгейіне қалай әсер ететіні анық емес. Бірақ болжам бойынша, 2016 жылғы көрсеткіштен қарағанда, металл кендері өндірісі төмендейді», - деп атап өтті ЕАДБ.
Көмір кеніне екі сала әсер етеді. Бір жағынан экспорттық мүмкіндіктердің тарылуы мен өндірістегі электр энергиясының жеткіліктілігі өндіріс көлемін шектейтін болады. Ал екінші жағынан көмірді тереңнен өңдеуді қарқындату шаралары мен таза көмірдің отандық жылу электрцентралдарында (ЖЭЦ) белсенді қолданылуы оң ықпалын тигізеді.
Химия және азық-түлік өндірісі
Химия өнеркәсібі бойынша, «Казфосфатта» өндіріс көлемі артады. Ал фармацевтикада Алматы индустриалды зонасында жаңа зауыт іске қосылады деген болжам жасалды.
Азық-түлік өндірісі қалыпты нормада сақталады. Ол бәсекеге қабілеттілік пен сұранысты қалпына келтіру арқылы импорт алмастыруды дамытуға байланысты болады. Алайда өсім деңгейі ауыл шаруашылығындағы мүмкін болатын кейбір факторларға байланысты шектеледі.
Құрылыс және транспорт
Тұрғын үй және транспорт инфрақұрылымына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында, құрылыстағы өсім көлемі азаймайды
«Транспорттық тасымалдау мен энергия секторы жалпы экономика жағдаына тәуелді болса да, өсім деңгейі бірқалыпта қалады», - деген болжам айтты ЕАДБ.
Банк секторы
Қаржы институты сарапшыларының пікірінше, Қазақстандағы банк секторының жағдайы екі қарама-қайшы факторларға байланысты анықталады.
Бііріншіден, экономикадағы жоғары пайыздық мөлшерлеменің сақталу мүмкіндігі көп. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібінің сыртқы бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғарылығы. Бұл кредиттік ресурстарға деген сұранысты арттыруы мүмкін.
«Банк секторы пайыздық мөлшерлеме төмендетеді, экономикалық белсенділікті арттырады. Төленбейтін кредиттер мәселесін шешуді жалғастырады және экономикалық шешімдер шығаратын құрылымдарды кредиттендіруді оңтайландырады. Бөлшектік сауда және қонақүй мен ресторан бизнестерінің табысы көбейеді», - дейді ЕАДБ.
Не әсер етеді?
2017 жылы Қазақстан экономика салаларының динамикасы бірнеше негізгі және сыртқы факторларына байланысты анықталады.
Сыртқы факторларды есепке алсақ ЖІӨ өсімі жылдамдайды. 2016 жылға қарағанда шикізат өнімдері бағасы қымбаттайды.
«Бұл Қазақстанның негізгі мұнай-газ секторы мен оның сыртқы сұранысына оң ықпал етеді. Сонымен қатар, сыртқы факторларға ЕАЭО елдеріне экономикалық интеграцияның жақсы әсер етуін жатқызуға болады. Бұл салалар қалпына келген сыртқы бағаның бәсекеге қабілеттілігін пайдалану керек», - деп атап өтті ЕАДБ.
Ішкі факторларға, банк мүмкін болатын мұнай өндірісі көлемінің артуын жатқызады. Сонымен бірге, инфляция төмендеуі, айырбастау курсының тұрақтылығы, экономикадағы пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі, шынайы табыс пен ішкі сұраныстың шектелуі әсер етеді.
Осы драйверлерге байланысты, банк сарапшылары 2017 жылы Қазақстан экономикасының көптеген салаларында өсім қарқыны баяулайды деген болжам жасады.
Ішкі бағаларды тұрақтандыру мен сыртқы бағаны көтеру табыстылық деңгейінің жақсаруына әсер етеді.
Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы ескі өсім моделінің әлсіреуі мен құрылымдық мәселелер көбейіп кетті. Ол проблемалар жеке инвестициялардың белсенділігі мен ЖІӨ өсімін шектеп тұр.
«Қазіргі өсім моделі қайта құрылып, шикізат өнімдері бағасының төмендеуінің жаңа шарттарына бейімделу керек. Мемлекет басшылығы жағдайдың күрделілігін түсініп, соңғы жылдары экономиканы мұнайға тәуелділіктен босату үшін барлық жұмысты соған қарай бағыттады. Қазір институционалдық ортаны қалпына келтіріп, жеке секторларды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірістік кәсіпорындарды әртараптандыру мен жаңғырту шаралары Қазақстанға алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ЕАДБ.