Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылғы Әлем чемпионатында қонақ үйді жалдау құны белгілі болды

2018 жылғы Әлем чемпионатында қонақ үйді жалдау құны белгілі болды

Ресей үкіметі 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты және Конфедерация кубогы-2017-де қонақ үйлерді жалдау құнының қанша болатынын анықтады. Сонымен премьер-министр Дмитрий Медведевтің қолы қойылған қаулыға сәйкес, чемпионат кезінде қонақ үйде тұру құны тәулігіне 700 мың рубльден кем болмау керек. Бұл туралы Lenta.ru хабалайды.

Максималды баға Санкт-Петербург қаласында бес жұлдызды қонақ үйлер үшін 630 мың рубльді құрайды (Конфедерация кубогы кезінде). Ал Мәскеу қаласындағы баға - 650 мың рубльден жоғары.

"Әлемдік футбол біріншілігінде Петербургтегі  арзан қонақ үй бағасы (бір жұлдызды қонақ үй) тәулігіне - 4,6 мың рубль. Ал ел астанасында - 3,4 мың рубль. Самара қаласында - 2,2 мың. Мұндай бағаны бір жұлдызды қонақ үйлерден табуға болады", -делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусым-15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді: Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Қазан, Волгоград, Төменгі Новгород, Самара, Саранск, Екатеринбург, Дондағы Ростов және Сочи.

Фото: arena.in.ua

Похожие материалы