2018 жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
17 қаңтар, 2019
Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
"2017 жылы 11 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, біз тағы бір миллион шаршы метрді қостық – 2018 жылы 12,5 млн шаршы метр, 113 740 тұрғын үй пайдалануға берілді", - деді вице-министр.Өскенбаевтың хабарлауынша, тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 1 трлн 182 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылға қарағанда 8%-ға артық.