Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 6,5 млрд долларды құрады. 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 24,8 пайызға артты, деп хабарлайды LS.
Бір ай ішінде экспорт 4 млрд доллар болса, импорт 2,4 млрд долларды құрады.
Сонымен бірге, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда көлемі 1,4 млрд доллар болды. Бұл 2017 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 14,8 пайызға артық. Соның ішінде, экспорт 424,9 млн доллар, ал импорт 969 млн долларға жетті.
Қаңтар айында Ресейге экспорттау көлемі 375,8 млн доллар, импорт болса 913,9 млн долларды құрады. Сондай-ақ, Беларуссияға экспорттау 7,4 млн долларды құрағанда, Қазақстан ол елден тауарды барлығы 40,9 млн долларға сатып алды.
Арменияға отандық өнім 1 млн долларға сатылды. Ал, бұл елден тауар барлығы 400 мың долларға әкелінді.
Одан басқа, Қырғызстанға экспорттау 40,6 млн доллар, ал импорт 13,8 млн доллар болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024