Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар – қазан айларында қазақстандық банктердің кірісі 27,7 трлн теңгені құрады. Соңғы жылдардағы көрсеткіштің ең жоғарғы мәні 2016 жылы 36,5 трлн теңгені құраған.
ЕДБ кірістерінің негізгі бөлігін сыйақымен байланысты емес кірістер құрайды - 93,7% (26 трлн теңге): Ал сыйақы алумен байланысты кірістер 6,3%-ға (1,7 трлн теңге) тең.
Кірістер құрылымында негізгі үлесті қайта бағалаудан түскен кірістер — 84,7% (23,5 трлн теңге), жылдық өсім — 5,3% құрайды. Банк талаптары бойынша клиенттерге қатысты кірістердің үлес салмағы 4,7%-ға тең (1,3 трлн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7% - ға төмен). Сондай-ақ, резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістер жалпы соманың 3,5% - ы (1 трлн теңге) құрады.
2018 жылдың он айында банктердің таза табысы 566,5 млрд теңгені құрады. Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Бес жылдағы өсім 2,5 еседен өскен және 349,8 млрд теңге тең.
2017 жылы таза пайданың ең төменгі көрсеткіші тіркелді. Оған себеп Пәкістан ҒБ, Қазкоммерцбанктің (Халық Банкі жұтқан), Capital Bank Kazakhstan және Delta Bank (лицензиядан айырылған) секілді банктердің шығынға ұшырауы болды.
Биылғы жылдың қаңтар–қазан айларында Халық банкіндегі табыстың ең жақсы көрсеткіштері тіркелді: 238,8 млрд теңге, жылдық өсім 94,7% . Екінші сатыға Kaspi Bank орналасты. Банктің таза пайдасы 94,5%-ды, 85,4 млрд теңгені құраған. Алғашқы үштікте Сбербанк те бар: 39,8 млрд теңге, таза пайда 3,5 еседен астам өсті. ТОП - 5 құрамына Ситибанк пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кірді, таза пайда 25,3 млрд және 24,5 млрд теңгені құрады. ТОП-5 банк ЕДБ жалпы пайдасының 73% - ын шоғырландырды.
Сонымен қатар, 2018 жылы АзияКредит Банк (-1,2 млрд теңге), Пәкістан ҰБ (-77,1 млн теңге) және Kassa Nova Банкі (-37,3 млн теңге) банктері шығынға ұшырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024