Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz - 2018 жылғы 4 тоқсанда әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 6 млн. 965 теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдыңғы қатарда - Еуразиялық банк, 2 млн 405 мың теңге айыппұл төледі. Банк ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті алуға сұрату және кредиттік тарих субъектісі ретінде өтініш беруші туралы дәйексіз мәліметтерді бергені үшін айыпталды. «Сбербанк России» ЕБ АҚ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем және ақша аудару бойынша нұсқауларды уақтылы орындамағаны; нұсқауды орындаудан бас тарту үшін негіздер болған кезде төлем және ақша аудару бойынша нұсқауды орындағаны үшін 1 млн 154 мың 402 теңге айыппұлды өтеді. Ал ForteBank үкіметке 1 млн 202 мың 500 теңге берді. Банк клиенттер жасайтын шарттарда шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсету міндетін орындамағаны және кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді бергені үшін айыпталды. Ұлттық Банк шектеулі ықпал ету шарасын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Халық жинақ банкі 757 мың 575 теңге көлемінде айыппұл төледі. «Банк Центр Кредит» АҚ-на 962 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді бергені үшін), ал «Цеснабанк» АҚ-на 401 мың теңге (төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем және (немесе) ақша аудару бойынша нұсқауларды уақтылы орындамағаны үшін) айыппұл салынды. «Қазпочта" АҚ нұсқауды орындаудан бас тартуға негіздер болған жағдайларда төлем және (немесе) ақша аудару бойынша нұсқауды орындамағаны үшін 98 мың 650 теңге айыппұл төледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024