Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы қанша инвестициялық тиын сатылды

2018 жылы қанша инвестициялық тиын сатылды

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – Жыл басынан бері Ұлттық банк 3 мыңға жуық инвестициялық тиын сатқан.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2018 жылдың 9 айында 2 834 тиын сатылған. Егер, 2017 жылмен салыстырар болса, онда сатылым 2,7% төмендеген. Реттеуіш мәліметі бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2 913 тиын сатылған.

«Алтын мен күмістен жасалған инвестициялық тиынның бағасы оның салмағына, бір троялық унция үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығымен (LBMA) доллардағы таңғы металл фиксингіне, сондай-ақ теңгенің долларға ресми бағамына байланысты болады. Тиындардың бағасы күн сайын өзгеріп отырады және Ұлттық банк сайтында жарияланады», - деп түсіндірді қаржы институтында.

LBMA мәліметі бойынша, 2018 жылдың басынан бері алтын бағасы 8,2%, күміс бағасы 15% арзандаған.

Сонымен қатар, Ұлттық банкпен сатылатын тиындардың құны 6 мың теңгеден 62 мың теңге аралығында болады. 2018 жылы 10 теңге номиналы бар «Алтын барыс» тиыны көп сатылған. Жыл басынан бері инвестициялық тиындардың жалпы көлемінің 37%-ы сатылған. Оның құны 48 655 теңгені құрайды.

Ұлттық банкте атап өткендей, әзірше жаңа инвестициялық тиындар шығару жоспарда жоқ.

Похожие материалы