Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Ағымдағы жылы 13 учаскеде төлем алу жүйесін орнату бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, жобаларды мемлекеттік-жеке меншік (МЖС) серіктестік тетігі бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2019 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі МЖС туралы шарттарға қол қоя отырып, конкурстық рәсімдерді өткізеді. Жоспар бойынша, 13 учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылы басталып, ал 2021 жылы төлем алу жүйесі іске қоссылады.
Төлем жүйесі орнатылатын автокөлік жолдары.
№ | Жол | Арақашықтық (км) |
1 | Қапшагай – Талдықорган | 184 |
2 | Астана – Қостанай – РФ шекарасы (Троицк-ға) | 741 |
3 | Щучинск - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы (Қорғанға) | 301 |
4 | Павлодар – РФ шекарасы (Омбы қаласына) | 217 |
5 | Орал - РФ шекарасы (Саратов-қа) | 100 |
6 | Нұр-Сұлтан - Павлодар | 409 |
7 | Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Самараға) | 518 |
8 | Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы | 502 |
9 | Ақтау - Бейнеу | 470 |
10 | РФ шекарасы (Орынбор қаласы) – Ақтөбе – Қызылорда | 1 125 |
11 | Қызылорда - Шымкент - Тараз | 649 |
12 | Тараз-Қайнар (Благовещенка кенті) | 237 |
13 | Шымкент - Өзбекстан шекарасы | 101 |
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024