Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі дүйсенбі күні 27 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 332,88 теңге, 1 еуро — 347,86 теңге, Ресей рублі — 5,48 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 408,54 теңге, жапон йені— 2,84 теңге, 1 қытай юаньы — 47,91 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,80 теңге, 100 өзбек сумы— 10,40 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 26 желтоқсандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 332,88 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024