Өз кәсібіңізді бастау үшін идея болуы ғана жеткіліксіз. Қаржылай қолдауға ие болуыңыз қажет. Шағын бизнесті дамыту үшін қай жерден несие алуға болады? Мемлекеттік қолдаудан бөлек қандай жолдары бар? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.
Кәсіпкерлік үшін несие алуға болатын алғашқы ресурс - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры. Қор қызмет көрсету түрлерін ұсынатын, сондай-ақ тауар өндіру және қайта өңдеумен айналысатын, тұрақты бизнесі бар шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады. Сіз 7 жылға дейінгі мерзімге 750 млн. теңге көлемінде несие ала аласыз.
«ДАМУ» қоры онға жуық бағдарлама бойынша несие береді. Негізгілері:
- СМСП аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;
- «ДАМУ аймақтары III»;
- «ДАМУ өндіріс»;
- «Бизнестің жол картасы – 2020»;
- Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;
- Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.
Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы - ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы, балық аулау, акваөнімдер, азық-түлік өндірісі, мақта-мата бұйымдары, киім, мектепке дейінгі білім саласымен айналысатын кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек.
Бизнесті қолдауды тағы бір бағдарламасы – «ДАМУ аймақтары ІІІ». Бағдарламаның басым салалары тізбесінде: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен саласы, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, туризм, ақпарат және байланыс, білім саласы қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени қызмет көрсету, спорт және т.б. бар.
«ДАМУ өндіріс» қаржылық бағдарламасы ЖК субъектілері үшін және дағдарыс жағдайынан шығуға арналған несие ресурстары тапшылығын тартып отырған кен байыту өндірістеріне көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, 8% -ға төмендету жағына өзгертуге мүмкіндік береді.
Лизингтік бағдарлама бойынша 8%-дық несие алуға мүмкіндік бар. Кәсіпкер жаңа құралдар алады және несие алушының қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда қосымша кепілдеме ұсынбайды.
Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелендіру бағдарламасы жұмыс істейді. Онда қаржыландыру саласына шектеу қойылмай, жылына 14%-дан аспайтын несие беріледі. Оны бес банк жүзеге асырады, олар: «ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Дельта банк» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ және "AsiaCredit Bank" АҚ.
Қаржылық емес бағдарламалар – мүгедек-кәсіпкерлерге олардың мәселелерін шешіп, ақпараттандыру деңгейін арттыру үшін жасалған бағдарлама. Қор «ДАМУ-көмек» сайтын жасап, оған өзінің шағын ісін ашқан және көмекке мүдделі мүгедек-кәсіпкерлер туралы ақпараттар орналастырады.
Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша несие алу үшін сіз барлық шарттарды қанағаттандыруыңыз қажет. Несиені банк арқылы алатындықтан олардың талаптары бойынша кепілдік мүлігіңізді және бизнес-жобаңызды ұсынасыз. Банк оң шешім шығарса, құжаттар ары қарай жіберіледі. Несие беру туралы немесе бас тарту туралы соңғы шешімді Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) шығарады.
Банкке және үйлестіру кеңесіне өз жобасының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлер жылдығы 16%-дан аспайтын несие алуға мүмкіндік алады. Соңғы енгізілген өзгерістер бойынша, бірінші бағытында – 12 пайыздық мөлшерлеме сыйақысы кезінде 5% - ын, 14%-дық мөлшерлеменің 7%-ын мемлекет жабады. Экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсету бойынша субсидиялау тағы да 14% аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады, олардың 6% экспортер төлейді де, қалған 8% мемлекет өз есебінен жабады.
"ДАМУ" бағдарламасы бойынша серіктес банктер тізімі:
-
«Альфа Банк» АҚ ЕБ
-
«AsiaCredit Bank» АҚ
-
«АТФ Банкі» АҚ
-
«Астана банкі» АҚ
-
«Банк Kassa Nova» АҚ
- «Қазақстан Даму банкі» АҚ
-
«Банк ЦентрКредит» АҚ
-
«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ
-
«Delta Bank» АҚ
- «ҚазақстанЭксимбанкі» АҚ
-
«Қазинвестбанк» АҚ
-
«ҚазКоммерцбанкі» АҚ
- «ҚазақстанХалық Банкі» АҚ
-
«Нұрбанк» АҚ
-
«Qazaq Banki» АҚ
-
«Сбербанк» АҚ ЕБ
-
«Цесна Банк» АҚ
Агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер несие алу үшін "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингіне өтініш бере алады. Бағдарламаның мақсаты: ауылды жерлерде, моно және шағын қалаларда кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал ету. Қаржыландыру көлемі 500 000 мың теңгеден басталады. Сыйақы үстемесі - 14%. Толығырақ мына сілтеме арқыла біле аласыздар.
Жеке гранттар, конкурстар
«Өз бизнесіңді қалыптастыр», «Бизнес-серпін», «Startup «Bolashak» сынды кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын байқаулар жайлы білгеніңіз жөн. Бизнес жобаңыздың болашағы бар екенін дәлелдесеңіз жобаңызды дамытуға арналған грантқа қол жеткізе аласыз.
«Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсы белгілі пиар маманы Әлішер Елікбаевтың идеясы. Ал конкурстың қаржылай демеушісі «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслава Ким, "Казкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Кеңес Рақышев және «Сәби» қайырымдылық қоры. Оған жасы 18 бен 35 аралығындағы төрт жүзден астам кәсіпкер қатысады. Әрбір қатысушы өзінің бизнес-жобасын таныстыратын 2 минуттік ролик дайындауы тиіс.
2013-2014 жылдары конкурс аясында 340 мың доллар көлемінде 15 жоба қолдау тапқан. Биылғы жылы байқаудың жүлде қоры 200 мың доллар болып, 9 қатысушы өтеусіз грантқа ие болды.
«Бизнес-серпін» байқауы – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Зумрад» корпорациясының бірлескен жобасы. Оған жаңа бизнес құруға немесе бұрыннан келе жатқан бизнесін кеңейтуге ниетті 18 бен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады. Үміткерлер 10 минуттің ішінде өз кәсібін таныстыруы тиіс.
2014 жылы конкурс аясында үш жеңімпаз 5 500 000 теңге, 2 700 000 теңге, 1 300 000 теңге мөлшеріндегі гранттарға ие болды.
«Startup «Bolashak» конкурсының ұйымдастырушылары «Болашақ» қауымдастығы. Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
2015 жылы үздік бизнес жобаларын ұсынған 5 лауреат, байқау жеңімпаздары гранттар алды. Бірінші орын иесі – 7 млн теңге, 2 орын – 5 млн теңге және 3 орын– 3 млн теңге алды.
Мәліметтер "Нұр Отан" ХДП бағдарламасы дайындаған "Ертеңің үшін аянба!..." « 100 өмірлік жағдайлар » кітабынан алынды.
Жұлдыз Ерік "7"
Фото:kaztrk.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024