Экономика
Қазан айында Қазақстандағы ақша көлемі 1,8%-ға, жыл басынан бері 23,1%-ға өсті
2015 жылдың қазан айында Қазақстандағы ақша көлемі 1,8%-ға өсіп, 15,775 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Қаңтар-қазан айлары аралығындағы ақша көлемі 23,1%-ға өсті.
Қазан айындағы қолма-қол ақша айналымдарының көлемі 0,1%-ға артып (қаңтар-ақпан аралығында 7,1%-ға), 1,202 трлн теңгені құрады. Есепті кезеңдегі банк жүйесіндегі депозиттер 2%-ға көбейіп (қаңтар-ақпан аралығында 24,6%-ға), 14,574 трлн теңге болды.
2015 жылдың ақпан айында ақша базасы 0,7%-ға ұлғайып, 4,678 тлн теңгені құрады (жыл басынан 37%-ға). Ал тар ақша базасы (Ұлттық Банктегі екінші деңгейлі банктердің мерзімді депозиттерін есептемегенде) қазан айында 0,7%-ға артып, 4,569 трлн теңге болды ( жыл басынан 37,9%-ға).
Фото: matritca.kz