ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, мемлекетіміздегі жеке кәсіпкерлердің жартысына жуығы әйелдер. Бұл туралы ол IV Еуразиялық әйелдер саммитінде айтты.
"Еліміздегі еңбекке белсенді халықтың 48%-дан астамын әйелдер қауымы құрайды. Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің 42%-ын әйелдер басқарады. 1,2 млн жеке кәсіпкерлердің 600 мыңы - әйелдер", - деді ол. Мемлекет хатшысы, сондай-ақ, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетіп отырған «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорын» атап өтті. "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" соңғы 10 ай ішінде ШОБ-ті дамытуға 1 млрд теңгеден жоғары қаржылық қолдау көрсетті. 6 000-ға жуық әйел-жеке кәсіпкерлер қаржыландырылды. 2010 жылдан бастап микронесие бағдарламасы бойынша 1,5 мың әйел 12 млрд теңге көлемінде несие алды. 2011 жылдан бастап, Азия даму банкі арқылы әйел-жеке кәсіпкерлердің 412 жобасы 41 млн доллар сомасында қаржыландырылды",- деді ол. Сондай-ақ Г.Әбдіхалықова «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдар аралығында елімізде 395 мың жұмыс орындары құрылмақ екендігін атап өтті. Осы мақсатты іске асыру үшін Ұлттық қор 100 млрд теңге бөлген. Фото: Total.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024