Қазақстан Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік СУ-24 ұшағы Түркияға емес террористерді шабуылдауға бара жатты деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресей мен Түркияға тезірек ортақ комиссия құрып, кінәлілерді тауып, қателерін мойындап, қарым-қатынастарын қалпына келтіру қажет.
"Біз Ресей мен Түркия арасындағы жағдайға алаңдаймыз. Бірақ мәселенің барлық жағы бізге белгілі емес. Тек ресейлік ұшақтың Түркияға шабуыл жасамағаны, Түркияға бағыт алмағандығы белгілі. Ол террористерге шабуылдамақ болған. Ортақ күрестегі достар ретінде екі жақ тіл тауып, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынастарын бұзбауға күш салуы қажет", -деді Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, ол көп жылдар бойы Ресей мен Түркияның позицияларын жақындастыру үшін жұмыс істеген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024