Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Түркия мен Ресейді дос еткім келеді

Н.Назарбаев: Түркия мен Ресейді дос еткім келеді
Қазақстан Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік СУ-24 ұшағы Түркияға емес террористерді шабуылдауға бара жатты деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресей мен Түркияға тезірек ортақ комиссия құрып, кінәлілерді тауып, қателерін мойындап, қарым-қатынастарын қалпына келтіру қажет.  "Біз Ресей мен Түркия арасындағы жағдайға алаңдаймыз. Бірақ мәселенің барлық жағы бізге белгілі емес. Тек ресейлік ұшақтың Түркияға шабуыл жасамағаны, Түркияға бағыт алмағандығы белгілі. Ол террористерге шабуылдамақ болған. Ортақ күрестегі достар ретінде екі жақ тіл тауып, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынастарын бұзбауға күш салуы қажет", -деді Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында. Мемлекет басшысының атап өтуінше, ол көп жылдар бойы Ресей мен Түркияның позицияларын жақындастыру үшін жұмыс істеген.
"Мен Премьер-министр Демирелінің заманынан, президент Ельциннен бастап Ресей мен Түркияның позицияларын жақындату үшін көп жұмыс істеген адаммын. Оларды дос еткім келді. Көп жылдар бойы істеген еңбегіміз еш болуы мүмкін. Қаншалықты қиын болса да арнайы комиссия құрып, кінәлілерді анықтап, жазалап, қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру керек. Түркиядағы және Ресейдегі достарымды осыған шақырамын", - деді Назарбаев. Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен еді. Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, ресей-түркия қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылығын жеткізді. Р.Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты. Фото:Тengrinews.kz

Похожие материалы