Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Неге мен телефонға жауап бермеймін?

Неге мен телефонға жауап бермеймін?

Әркімнің коммуникация құралдары әртүрлі. Бірі әлеуметтік желі арқылы сөйлескенді жақсы көрсе, бірі телефон арқылы, енді бірі кездесіп, жүздесе отырып сөйлескенді ұнатады. Қызығы байланыс құралдарының бірі кешегінің дәстүріне, бірі бүгінгінің сәніне айналды. Әрине, туылған күніңізде қысқа смс-тен қоңырау артық. Бірақ қазіргі  жұмысбасты адамдардың көпшілігі телефон қоңырауының орнына әлеуметтік желілерді таңдайтындығы рас.

"Телефонға жауап бермеуімнің 7 себебі"  Веб-бағдарламашы және Fhacktory хакатон ұйымдастыру компаниясының негізін 10484979_10153031070939409_9077160900051601893_nқалаушысы Эдриен Джоли өзінің Medium-дағы блогында неліктен оған телефон соққандарға жауап бермейтіні туралы 7 себебін жазды.
  1. Мен бос болмағандықтан қоңырауға жауап бермеймін. 
"Сіздің маған айтайын деп тұрғаныңыз қазір істеймін деп шешкен шаруамнан өзекті болмай қалуы да мүмкін",- деп жазады Э.Джоли. "Жұмыс істейін бе немесе уақытымды жақындарыммен өткізіп жатайын, қалай болғанда да мені шаруаларымнан бөлгенін қаламаймын". Оның айтуынша, қоңырау шалатын адамдардың көпшілігі хабарласатын уақытын өздеріне тиімді болған кезге ынғайластырады. Ал хабарласатын адамына бұл уақыттың қаншалықты қолайлы болатындығына назар салмайды. 2. Менің тапсырмаларым мен күн тәртібімнің кестесі смартфонымда жазылады Джолиге қоңырау шалатын адамдардың көпшілігі онымен жоспарланған кездесулері не тапсырмаларды талқылау үшін хабарласады екен. "Меніңше олар, тапсырмалар мен кездесулерім телефонда сақталынатынын түсінбейді. Маған бір уақытта сөйлесіп әрі күнтізбеге қарап, өзгертулер енгізіп отыру қиынға түседі". 3. Қоңыраулар ешқандай "із" қалдырмайды Телефон арқылы сөйлесу барысында маңызды шаруалар туралы жиі шешім қабылданады. Алайда ондай шешім қабылданғаны туралы ешқандай дәлел қалмайды. "Соның салдарынан нәтижесінде клиенттеріммен дауласып қалып жатамыз. Олар маған маңызды жайт айтқанынына сенімді екенін айтады, бірақ менде ешқандай дәлел болмайды",-дейді бағдарламашы. 4. Телефон қоңырауы бар шаруаңызды шешпейді "Телефон қоңырауы жиі біреудің кеңсесіне баруды еске түсіріп отырады. Бұл өте қарапайым әрі ынғайлы. Себебі керек адамыңмен бірден сөйлесе аласың. Алайда хабарласқан адам сізге жауабын бірден бере салмайды. Себебі оның ойлануға уақыты болмайды. Нәтижесінде ештеңе шешпей, бекер уақыт жоғалтқан болып шығамыз",- деп жазады Эдриен Джоли. 5. Біреудің уақытын босқа жұмсағым келмейді Джолидің сөзінше, оған жиі хабарласатын адамдардың бірі жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін, серіктес іздеп жүрген түрлі стартапшылар. Олар тек  Джолиге ғана хабарласпайтындықтан, бір сөздерін бірнеше адамға қайталауға мәжбүр болады, уақыттарын жоғалтады әрі  бір сөздерін қайталай беріп, уақыт өте энтузиазмдарын жоғалтып алады екен. Ол хат жазу әлдеқайда тиімді деп санап, әрі бұған адамның уақыты да аз жұмсалатынын алға тартады. 6. Сол сәт маған сөйлесуге ыңғайсыз "Мен компанияда жалдамалы жұмыскер болып жүргенімде маған басқа ұйымдардан жиі қоңыраулар келетін. Олар мені өздеріне тартпақшы болды. Олар менің қайда екенімді, жанымда кімдер тұрғанымды білмейді. Ал мен үшін сол сәт сөйлесуге тіпті ыңғайсыз болады" деп жазады ол. Джоли хабарласар алдында хабарласпақшы адамыңның қайда отырғанын біліп алған жөн дейді. Ары қарай шаруаңның қалай шешілетіндігі осыған байланысты болады. 7. Менің есте сақтау қабілетім төмен "Мен әркез адамдарды және олардың не айтқанын есте сақтауда қиналамын. Егер сіз маған қоңырау шалып өзіңіздің жобаңызды айтсаңыз, менің ол туралы ұмытып қалып, сіздің маған қайтадан айтуыңыз ғажап емес. Ал маған хат жазсаңыз, менің ескертпелерімде тіркелесіз. Әрі жадымда да ұзақ сақталасыз",- деп түйіндеді ол. 936472_642313409115020_1322985634_nҚазақстандық IT маман Тимур Бектұр да коммуникация әдебі туралы ойымен бөліседі. "Маған телефон соқпаңыз. Телефон - соңғы сәтте, қылтамақтан қылғындырған кезде ғана қолданатын нәрсе. Бүгінгінің адамы телефон қоңырауын күтіп отырмайды. Ол бұдан әбден мезі болған. Оның орнына күнделікті қолданыстағы жеке чат, мессенджерлерді пайдаланыңыздар. Е-майл жазуға да болады. Неліктен?
  • Адамның аяқ астынан жауап беретін мүмкіндігі болмайды. Номерді танымай "Бұл кім екен?" немесе таныс номерді "Не болып қалды?" деп тұтқаны алғанда, сіздің құр әңгімеңіз немесе аса қатты маңызға ие емес шаруаңыз адамның ызасын туғызуы мүмін. Әдетте, осылай бірнеше рет қайталаған адамдар келесі жолы жауапты күтпесе де болады.
  • Телефон жедел жауап беруді қажет етеді.  Ал сіз телефон соққан адамның өзі өзінің жедел шаруасымен отырған болуы, жиналыста отыруы, көлікте келе жатуы, кассада тұруы, тамақтанып отыруы мүмкін.  Ал сіз телефон соққан кезде ол "Тағы не боп қалды?" деп жауап бергенде өзіне түк қатысы жоқ сіздің жұмысыңыз туралы естігенде...
  • Ал сіз ақыры телефон соққан екенсіз, шама келгенше "Иә" немесе "Жоқ" деген әңгіме төңірегінде ғана сұраңыз. "Анау қалай болады, мынау қалай болады?", "Ақылдасайын деп едім" дегеннің барлығы - тек қана уатсап! Тек қана аудио!
Сонда адамдармен қалай байланысуға болады?  Кез-келген адаммен қарым-қатынас жасар алдын немесе енді танысқанда ол кісіден "Сізбен қалай байланысқа шықққан дұрыс?" деп сұраңыз. "Кез-келген уақытта хабарлас" десе, жоғарыдағы ережелерді жоққа шығарсаңыз болады. Ал егер әлеуметтік желідегі парақшасы мен поштасының мекен-жайын ұсынса, ойлануыңызға тура келеді. Мессенджерлер мен пошта - видео мен спамдар жіберу үшін емес, адамды мазаламай хабарласу үшін жасалған құралдар. Менің өзім, телефоннан гөрі смс пен е-майлға тез жауап беремін. Ал е-майл, уатсап және чатпен амандасып алып, жауап күтіп отыруды қажет етпейді. Бірден іске көшіңіз. Сұрағыңызды қойыңыз, барлық әңгімені жазып кетіңіз. Жауап берсе, сәттілік. Бермесе - тағдырыңызға жазылмаған" дейді бағдарламашы.

Жұлдыз Ерік "7"

Похожие материалы