Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аптаның қаржы қорытындысы

Аптаның қаржы қорытындысы

Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 7-11 желтоқсан аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.

Дүйсенбі, 7 желтоқсанда  қазақстандықтардың шетел валюталарына сұранысы төмендеп жатқандығы белгілі болды. 2015 жылдың қазан айында ақша айырбастау пунктері қыркүйек айымен салыстырғанда долларды 22,4%-ға, рубльді  16,5%-ға, еуроны 8,8%-ға аз сатқан. Сейсенбі, 8 желтоқсанда ҚР Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды. Бұл қызметке Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов пен Ғалымжан Олжайұлы Пирматов келді. Олар Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов пен Қуат Бәкірұлы Қожахметовты алмастырды. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика, Қаржы министрлігіне және Ұлттық банкке мұнай бағасы барреліне 30 доллар болған жағдайда экономиканы дамытудың жоспарын дайындауды тапсырды. "Біз макроэкономикалық жағдайға, ресей нарығы мен валюта нарығына және Brent мұнайының бағасы 30 доллар болатын жағдайға байланысты экономикалық даму жоспарын жандандыру туралы шешім қабылдадық», —  деді Кәрім Мәсімов. Ал Қазақстанның 2016-2017 жылға арналған бюджеті мұнай бағасы 40 доллар болатын жағдай үшін есептелді. Жұма, 11 желтоқсанда доллар бағамы 314 теңгеге өсті. Қазақстан қор биржасындағы саудада(KASE) 11 желтоқсандағы доллардың орташа курсы 311,92 теңге болды. Ал екінші деңгейлі банктерде доллар 314 теңгеден сатылып жатыр.

Мұнай бағасы 6-шы күн қатарынан құлдырап жатыр. Brent бағасы  39,38 долларға түсті. Апта қорытындысы бойынша қара алтынның бағасы ОПЕК елдеріндегі өндіріс көлемінің артуына байланысты 8%-ға түскен.  Нарықта мұнай бағасының бұлай жылдам құлдырауы наурыз айынан бері болмаған.

Похожие материалы