Экономика
KASE: доллар 313,99 теңге
2015 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Доллардың орташа бағамы 313,99 теңгені құрады. Бұл туралы биржа сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 312,90 теңгені құрады. Максималды курс — 315,19 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 315 теңге болды.
Кешкі сессияда сауда көлемі 67 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 88.
11 желтоқсанға арналған доллардың ресми курсы 310,37 теңге. Ал 12 желтоқсан күні доллардың ресми курсы 311,92 теңге болып бекітіледі.