2016 жылы Pro Team Астана велокомандасының бюджеті 18 млн еуродан азаяды. Бұл туралы Президенттік кәсіби "Астана" спорт клубының қамқоршылық кеңесінің төрағасы және велоспорт федерациясының басшысы Дархан Қалетаев мәлімдеді.
"Осыған дейін Pro Team-ның бюджеті 18-22 млн еуро аралығында еді. Алайда келесі жылы ол қысқаруы мүмкін. Дегенмен біз бюджет жобасын келісу үшін демеушіге жібердік және келесі жылы 18 млн еуроны сақтап қалудан үміттеніп отырмыз", - деді ол. Сондай-ақ ол клуб шығындарын оңтайландыру процесі туралы да атап өтті. "Бюджеттің 75%-ын жалақы қоры құрайды. Біз оны қысқарта алмаймыз, себебі ол құжат жүзінде келісілген. Осы жылы жаңа келісім-шартқа қол қою кезде жаңа шарттар ұсынуға тырысамыз. Әзірге барлығы бізді түсініп, бізбен келісуге тырысады",- деп атап өтті Дархан Қалетаев. Оның айтуынша жобаға шетелдік демеушілердің де қатысу мүмкіндігі бар. "Қазір БАӘ-ден демеушілер келеді деген нұсқалар пайда болды. Бірақ олардың негізгі шарты - команда атауын өзгерту. Бұл біз үшін мүмкін емес. Осы және басқа да сұрақтарға байланысты бізге БАӘ өкілдерімен әлі де кездесу өткізу қажет",- деді велоспорт федерациясының басшысы. Фото:kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024