Қазақстан Орталық Азия өңiрiндегi алғашқылардың бірі болып кәіпкерлік бойынша әлемдік ірі зерттеудің тізіміне енді.Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлiгi жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсiпкерлiктi дамыту орталығының директоры Нұрлан Құлбатыров ОКҚ өткен брифингте айтты.
«Қазақстан - кәсіпкерлік бойынша әлемдік ірі зерттеудің тізіміне енген Орталық Азия өңiрiндегi алғашқы мемлекет. «Global Entrepreneurship Monitor» (GEM) - әлемнің жеке елдері арасындағы кәсіпкерлік бесленділікті зерттеуге бағытталған әлемнің бизнес мектептерінің жалпы бастамасы», - деді Н.Құлбатыров. Оның айтуынша, бүгінгі таңда жобаға әлемнiң 73-тен астам мемлекетi қатысады, бұл әлем халқының 72,4% және әлемдiк жалпы iшкi өнiмнiң 90%-ын құрайды. «Жұмыс жасап келе жатқан жылдарда GEM жобасы көптеген қатысушы елдер үшін бизнес ортаны жақсартуға байланысты шешiмдер қабылдаудың тиiмдi құралына айналды. GEM мәліметтері жаһандық тақырыптық зерттеулер үшін негізгі және көп пайдаланылатын мәлімет көзі болып табылады», - деп түсіндірді сарапшы. Осылайша, зерттеулер нәтижелеріне сәйкес таяу 3 жылда жеке ісін ашуды ҚР еңбекке қабілетті тұрғындарының 15% жоспарлап отыр. Оған қоса, кәсіпкерлікке 18-34 жастағы тұлғалар ең көп белсенділік танытуда. Жаңа өнімді жас тұрғындардың тек 5% іске қосуды жоспарлауда. Аталған топ көбіне бизнестің жаңа технологияларын, яғни интернетті пайдаланады. «Сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы саудада бизнеспен айналысқысы келетiнiн айтса, респонденттердiң 30%-ы қызмет көрсету саласында жеке iсiн ашқысы келетiнiн жеткізген», - дедi өз кезегінде Назарбаев Университетінің «Global Entrepreneurship Monitor» жобасының ұлттық үйлестірушісі Лейла Ерғожа. Сонымен бірге, зерттеушілер атап өткендей, «Қазақстанда кәсіпкерлікке қызығушылық АҚШ, Канада, Австралия және Сингапурға қарағанда жоғары». Фото: ЦСКПохожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024