ҚР Инвестиция және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың 5-8 қаңтар аралығында 2 мыңнан астам қазақстандық ұялы телефон операторларын өзгерткен.
Комитеттің ақпаратына сәйкес, 5-8 қаңтар аралығында өз операторын 2290 қазақстандық өзгерткен. Оның ішінде «Altel» операторына 982, «Tele2-ге» 558, «Beeline-ға» 407 және «Kcell-ге» 343 адам ауысқан. Осы уақыт аралығындағы ең көп абонентін жоғалтқан оператор - «Kcell» (1218 адам). 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңына сәйкес Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Абонент бастапқы ұялы телефон номерін сақтап қала алады. Мобильді байланыс операторын ауыстыру үшін көшкіңіз келетін оператордың қызмет көрсету орталығына барып өтініш жазып, жаңа SIM-карта аласыз. Содан кейін қызмет көрсету орталығы бұрынғы операторыңызға хабарлап, 5 сағаттың ішінде жаңа операторға ауыстырып береді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024