2015 жылы жолақысын төлеудің жаңа жүйесі арқылы 231,23 млн теңге, қаңтардың алғашқы декадасында 67,3 млн теңге жүзеге асырылған деп хабарлайды Алматы транспорт холдингі. "Оңай" жүйесі іске қосылғаннан бері Алматының қоғамдық траспортында 560 827 мың карта сатылған.
Олардың ішінде 346 741 - жеңілдетілген, 214 086 - бірыңғай транспорт карталары. Холдингтің атап өтуінше, 18 қаңтардан бастап қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге қатысты тексерістер жүргізіледі. Заң бұзғандарға 2 АЕК немесе 4 242 теңге айыппұл салынады. Ал жүргізушілерге қателіктері үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" ҚР Кодексінің 623 бабындағы 9 пунктіне сәйкес "Жолаушыларды билетсіз тасымалдаған" деген бап бойынша 5 АЕК немесе 10 605 теңге көлемінде айыппұл төлейді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024