Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазТрансОйл акциялары құлдырады

ҚазТрансОйл акциялары құлдырады

ҚазТрансОйл (ҚТО) компаниясының Қазақстандық қор биржасындағы акциялары жұма күнгі саудада 3,1%-ға арзандап 715 теңгені құрады. Ал бейсенбі күнгі баға 738 теңге болатын.

Биржаның жабылу сәтіндегі акция бағасы IPO-ға шығарылған бағадан да төмен болды.  Сонымен қатар, акциялармен сауда-саттық көлемі 23 млн теңгені құрады. Биржа ақпараты бойынша, 15 қаңтар күнгі құны төмендеген компаниялардың ішінде "ҚазмұнайГаз" Барлау Өндіру АҚ (-0,8%) және Халық банк (-0,5%) бар. Ал KAZ Minerals PLC компаниясының акциялары өсті. Оның белгіленімдері 1,8%-ға артты. Фото:mln.kz

Похожие материалы