Экономика
ҚазТрансОйл акциялары құлдырады
ҚазТрансОйл (ҚТО) компаниясының Қазақстандық қор биржасындағы акциялары жұма күнгі саудада 3,1%-ға арзандап 715 теңгені құрады. Ал бейсенбі күнгі баға 738 теңге болатын.
Биржаның жабылу сәтіндегі акция бағасы IPO-ға шығарылған бағадан да төмен болды. Сонымен қатар, акциялармен сауда-саттық көлемі 23 млн теңгені құрады.
Биржа ақпараты бойынша, 15 қаңтар күнгі құны төмендеген компаниялардың ішінде "ҚазмұнайГаз" Барлау Өндіру АҚ (-0,8%) және Халық банк (-0,5%) бар.
Ал KAZ Minerals PLC компаниясының акциялары өсті. Оның белгіленімдері 1,8%-ға артты.
Фото:mln.kz