Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда алтын мен күмісті өндіру көлемі артты

Қазақстанда алтын мен күмісті өндіру көлемі артты

Қазақстанның аффинажды зауыттары 2015 жылы алтын өндіру көлемін 2014 жылмен салыстырғанда 15%-ға арттырған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлайды. 

2015 жылы тазартылған алтын көлемі 31 тоннаға жеткен. 2014 жылы бұл көрсеткіш 26,9 тоннаны құрады. Ал өңделмеген және ұнтақ түріндегі алтын көлемі 26,6% өсіп, 63,7 тоннадан асты.

2015 жылы алтынды рудалардан 19 млн тонна алтын өндірілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 25,2%-ға артық.

Тазартылған күміс өндіру 2015 жылы 1,3 мың тоннаға жетіп, 32,5%-ға артты. 2014 жылы  өндіріс көлемі 983,7 тонна болған.

Сондай-ақ, Қазақстанда өңделмеген алюминий өндірісі 2015 жылғы есеп бойынша  1,67 млн тонна болды (+2,5%). Ал өңделмеген қоғасын көлемі есептік кезеңде 5,6%-ға төмендеп, 119,9 мың тоннаны құрады.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы